АҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ
ЖАРИЯ ОФЕРТА ШАРТЫ
Осы жария оферта шарты, ұйым атынан әрекет ететін Директоры Торешов Асқар Исаұлы, БСН (ЖСН): 2502240023412, мекенжайы: Қазақстан, Алматы қаласы Аль-Фараби даңғылы 73 үй, Банк: «Kaspi Bank» АҚ, КБе: 17, БСК: CASPKZKA, шот нөмірі: KZ35722S000045572916, ТОО «Nur-Mubarak Online Academy» осы келісімшартта көрсетілген шарттарда қашықтықтан (онлайн) оқыту арқылы ақылы білім беру қызметтерін көрсетуге ресми ұсынысы (жария оферта) болып табылады.
Осы Шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (бұдан әрі мәтін бойынша – ҚР АК) сәйкес адамдардың белгісіз тобына бағытталған жария оферта болып табылады. Оферта алушы осы Шартта көзделген іс-қимылдарды жасау жолымен ақылы білім беру қызметтерін алуға келісе отырып, осы Шарттың талаптарын толық және сөзсіз (акцепт) қабылдаған болып есептеледі.
ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҰҒЫМДАР МЕН ТЕРМИНДЕР
Оферта / шарт - сайтта жарияланған немесе WhatsApp бойынша оферта алушыға жіберілген ақылы білім беру қызметтерін көрсетудегі шарт, осы жария оферта шарты болып табылады.
Орындаушы - ТОО «Nur-Mubarak Online Academy».
Тапсырыс беруші - осы Шартты Акцептеуді жүзеге асырған қабылдаған жеке тұлға.
Оферта алушы - қызмет көрсетуге мүдделі және Орындаушыға (тікелей және/немесе телефон байланысы арқылы және/немесе Сайт арқылы) жүгінген және Оферта алғанқабылдаған жеке тұлға.
Білім алушы - Орындаушының білім беру қызметін тікелей алатын жеке тұлға.
Қызметтер - шарт талаптарына және орындаушы таңдаған оқыту бағдарламасына сәйкес Орындаушы ұсынатын оқыту бойынша білім беру қызметтері.
Акцепт - алушының Шарт бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жөніндегі міндеттемені орындау бойынша шарттың барлық талаптарын және келісімді толық және сөзсіз қабылдауы болып табылатын білім беру қызметтерін алуға ұсынысты қабылдау бойынша шартта көзделген кез келген іс-қимылды жасауы.
Сабақ өту формасы- онлайн.
Оқу бағдарламасы - Орындаушы бекіткен бағдарламалар тізбесінен Тапсырыс беруші мен Орындаушы таңдаған сабақтар курсы.
Тараптар - Шарттың Тараптары бірлесіп Орындаушы, сондай-ақ Тапсырыс беруші және Білім алушы (егер олар Тапсырыс беруші болып табылмаса) болып табылады.
Дербес деректер - шартта регламенттелген, белгілі бір жеке не заңды тұлғаға қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген мәліметтер.
Дербес деректерді жинау - дербес деректерді алуға бағытталған іс – әрекеттер; дербес деректерді өңдеу-дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға бағытталған іс-әрекеттер.
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ
1.1. Шарт талаптарына және Тапсырыс беруші (білім алушы) таңдаған оқыту бағдарламасы мен сабақ нысанына сәйкес Орындаушы (бұдан әрі «қызметтер») ұсынған оқу курсын Орындаушы береді, Тапсырыс беруші (білім алушы) ақысын төлейді, ал білім алушы (Тапсырыс беруші)қызметті пайдаланады.
1.2. Қызметтерді орындаушы әзірлеген курс бағдарламасына сәйкес жасалынған оқу материалы бойынша Орындаушы ұсынады.
1.3. Тапсырыс беруші/білім алушы құпия ақпаратты, оқыту әдістемесін, курстың базасы мен материалдарын үшінші тұлғаларға жария етпеуге міндеттенеді.
1.4. Тараптар осы Шартта көзделген мақсаттарды қоспағанда, алынған құпия ақпаратты өз пайдасы үшін пайдаланбайды.
2. АКЦЕПТ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
2.1. Орындаушының ұсынысы Клиент төменде көрсетілген әрекеттердің бірін жасаған сәттен бастап қабылдаған және мақұлдаған болып есептеледі:
2.1.1. Оферта алушыны Сайтта тіркеу, сондай-ақ Шарттың талаптарын қабылдауды (Акцепт) көрсететін іс-әрекеттер жасау, атап айтқанда, сайт бетінің тиісті жолағында «мен жария оферта шартының талаптарын қабылдаймын» бағанында белгі қою;
2.1.2. білім алушының оферта шартының талаптарымен келісімін (акцептін) WhatsApp арқылы жіберуі;
2.1.3. білім алушының жария оферта шартында көрсетілген тәртіппен төлемді (бір бөлігін немесе толық) жүзеге асыруын міндеттеледі.
3. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ
3.1. Қызметтерді көрсетуді Орындаушы келісілген уақыт бойынша жүзеге асырады. Тапсырыс беруші/білім алушы таңдаған оқу бағдарламасын және бағыты Орындаушының қызметкері арқылы білім алушыға WhatsApp қосымшасы немесе Тапсырыс беруші/білім алушы ұсынған электрондық пошта арқылы хабарланады.
3.2. Қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын оқу материалын Орындаушы ұсынады.
3.3. Оқу курсының ұзақтығы (оқу мерзімі) Орындаушы әзірлеген оқу жұмыс жоспарына сәйкес айқындалады.
3.5. Оқу курсын өткізу кезеңін Орындаушы айқындайды. Сабақ кестесін Орындаушы оқу жұмыс жоспарына сәйкес оқу курсының барлық ұзақтығына сәйкес Орындаушының жұмыс сағаттарында жасайды. Сабақтар ұлттық немесе мемлекеттік мерекелерге түсетін күндерде өткізілмейді және мұндай сабақтарды ауыстыру алдын ала хабарландырумен реттеледі.
4. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
4.1. Орындаушы:
4.1.1. Тапсырыс беруші/білім алушы оқыту қағидаларын орындамаған/бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші/білім алушы жүргізген төлемді (алдын ала төлемді) қайтармай, қызметтер көрсетуді уақытша немесе толық тоқтата тұруға; Тапсырыс берушіні/білім алушыны алдын ала хабардар ете отырып, сабақ кестесін өзгертуге;
4.1.2. Тапсырыс беруші Қызметтерге ақы төлеу және Тапсырыс берушінің/білім алушының сабақтарды дәлелді себептерсіз өткізуі туралы шарттарды бұзған кезде қызметтер көрсетуден бас тартуға құқылы.
4.2. Тапсырыс беруші:
4.2.1. орындаушыдан қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қатысты мәселелер бойынша ақпарат беруді талап ету;
4.2.2. оқу бағдарламасына кірмейтін білім беру қызметтерін ақылы пайдалануға;
4.2.3. осы Шартта және заңнамада көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
4.3. Орындаушы:
4.3.1. білікті мамандарды тарта отырып оқытуды жүргізуге;
4.3.2. Тапсырыс берушіге/білім алушыға оқу-әдістемелік әдебиеттерді беруге (электрондық пошта арқылы жіберу немесе сайтта көрсету) міндетті. Егер Орындаушы оқу-әдістемелік әдебиетті баспа түрінде сұратса, материалдарды жеткізу тапсырыс берушінің есебінен жүзеге асырылады.
4.4. Тапсырыс беруші/білім алушы:
4.4.1. Шарттың талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметтер үшін төлемақыны уақтылы төлеуге міндеттеледі;
4.4.2. Орындаушының жазбаша сұрау салуы бойынша қызмет көрсетуді бастау үшін Орындаушыға қажетті құжаттарды уақтылы ұсынуға;
4.4.3. сабақ кестесін қатаң сақтауға (білім алушының сақталуын қамтамасыз етуге);
4.4.4. үй тапсырмаларын, сондай-ақ сабақ барысында оқытушының тапсырмаларын үнемі және толық көлемде орындауға (білім алушымен орындалуын қамтамасыз етуге);
4.4.5. оқу тәртібін және жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларын Орындаушының педагогикалық және өзге де персоналына, басқа білім алушыларға қатысты сақтауға (білім алушымен сақталуын қамтамасыз етуге);
ҚЫЗМЕТТЕРГЕ АҚЫ ТӨЛЕУ
6.1. Қызметтердің құны Орындаушы ұсынатын оқыту бағдарламалары үшін бекітілген бағаға сәйкес WhatsАpp немесе т.б. арқылы айқындалады. Қызметтерге ақы төлеу Орындаушының банктік шотына ақша аударымымен не қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.
6.2. Қызметтерге ақы төлеу акцептті қабылдау туралы іс-әрекет болып табылатынын назарға ала отырып, Тапсырыс беруші/білім алушы Қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыру кезінде төлем тапсырмасында тапсырыс беруші/білім алушының тіркеу деректерін (Тегі, Аты, Әкесінің аты), таңдалған оқу курсын көрсетіп немесе орындаушы өкілінің WhatsАpp-на түбіртегін жіберуі тиіс.
6.3. Төлем мынадай тәртіппен жүргізіледі:
6.3.1. Оқу қызметі үшін төлем сомасы Оферта қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде толық төленеді. Сондай-ақ, ай сайын бөліктерге бөлу немесе банк арқылы бөліп төлеу Whatsapp бойынша Орындаушының келісімімен жүзеге асырылуы мүмкін.
6.3.2. Тапсырыс беруші тарапынан төлем мерзімдері бұзылған жағдайда, осы сомаға мерзімі өткен әрбір күн үшін 0% мөлшерінде өсімпұл есептеледі, бұл ретте 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін Орындаушы толық өтелгенге дейін Тапсырыс берушіге Қызмет көрсетуді тоқтата тұруға құқылы.
6.3.3. Өсімпұл төлеу Тараптарды өздерінің негізгі міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
6.3.4. Егер қызмет адамдар тобына көрсетілетін болса, білім алушылардың біреуінің онлайн сабаққа қатыспауы сабақтың өзінен бас тартуға әкелмейді және қызмет көрсетуді жалғастырады, осыған байланысты кез келген өткізіп алған сабақтар (дәлелді немесе дәлелсіз себептермен) көрсетілген қызметтер сияқты төленуге тиіс.
7. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ
7.1. Осы Шарт акцепт қабылданған сәттен бастап күшіне енеді және таңдалған бағдарламасына сәйкес оқу мерзімі ішінде қолданылады.
8. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
8.1. Егер білім алушы осы жария оферта шарттарын қабылдаған күні он төрт жасқа толмаған жағдайда, Тапсырыс беруші осы жария оферта шарттарын білім алушының атынан да қабылдайды.
8.2. Егер білім алушы осы жария оферта шарты қабылданған күні он төрт жасқа толған жағдайда, Тапсырыс беруші осы жария оферта шартын қабылдай отырып, білім алушының осы жария оферта шарттарын қабылдауына өзінің келісімін береді.
8.3. Тапсырыс беруші білім алушының осы Шартта және оқыту қағидаларында белгіленген барлық нормалар мен талаптарды сақтауын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
8.4. Орындаушының қызмет көрсетуі ақпараттық сипатта болады және Тапсырыс берушінің/білім алушының оқу материалын меңгеруіне кепілдік болып табылмайды.
8.5. Тараптардың Шартта көзделген өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ. 8.6. Тараптардың Шартта реттелмеген қатынастары және/немесе міндеттемелері Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
8.7. Шартқа барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
8.8.Осы Шарт Тараптардың келісімі бойынша не осы Шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда бұзылуы мүмкін. Шартты орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.
8.9. Шарт жасасқаннан кейін немесе шарт бойынша төлем жүргізілгеннен кейін 14 күн ішінде Тапсырыс беруші/білім алушы қызметтерден бас тартқан жағдайда Орындаушының келісімімен (келісім болмаса шарттың 8.8-бөлігі қолданылады) ғана шарт сомасының бір бөлігі төмендегідей ұстап қалумен қайтарылады:
1) Сумманың 10 пайызы - менеджер сатушының қызметі үшін;
2) Сумманың 20 пайызы – Тапсырыс беруші/білім алушы өз еркімен оқудан бас тартуына байланысты Орындаушының жеке шығындары (платформа, жұмысшы, салық, қайтару бойынша шығындар) үшін ұсталынады.
*Шарттан бас тарту Тапсырыс берушінің ұсынысымен жасалынғандықтан, аталған сомалар сабақ басталған немесе басталмағанына қарамастан ұсталынады.
*Егер сабақ басталған жағдайда, жоғарыдағы ұстап қалулармен қатар (3) Қосымша 10 000 теңге – өткізілген әрбір жеке сабақ үшін ұстап қалынады.
8.9.1. Оферта шарты жасалғаннан кейін, ішкі бөліп төлеуді пайдалана отырып ресімделген оферта шарты бұзылған кезде Тапсырыс берушінің ақшалай қаражатын қайтару (ішкі бөліп төлеу деп Тараптар өзара келіскен ай сайынғы есеп айырысу тәртібі түсініледі, онда қызмет бағасын төлеу банктерді, кредиттік немесе өзге де ұйымдарды тартпай-ақ тараптар арасында өзара бөліктермен жүргізіледі) жүргізілмейді.
8.10. Тараптар арасында дау болса, сот дейінгі тәртіп негізінде Тапсырыс беруші жазбаша арызбен жүгінуге міндетті. Орындаушы бұл арызға 15 жұмыс күні ішінде жауап қайтарады. Егер дау өзара шешілмесе, тараптар сотқа жүгінуге құқылы.
8.11. Қаражатты қайтаруды өңдеу және барлық байланысты әкімшілік рәсімдерді аяқтау қажеттілігіне байланысты, қайтару сұралған сәттен бастап 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады.
ОРЫНДАУШЫНЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Компания: ТОО «Nur-Mubarak Online Academy»
БСН (ЖСН): 2502240023412
Мекенжайы: Қазақстан, Алматы қаласы Аль-Фараби даңғылы 73 үй.
Банк: «Kaspi Bank» АҚ
КБе: 17
БСК: CASPKZKA
Шот нөмірі: KZ35722S000045572916
ДОГОВОР ПУБЛИЧНОЙ ОФЕРТЫ
НА ОКАЗАНИЕ ПЛАТНЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УСЛУГ
Настоящий договор публичной оферты является официальным предложением (публичной офертой) ТОО «Nur-Mubarak Online Academy», в лице директора Торешов Асқар Исаұлыадрес: Казахстан, город Алматы проспект Аль-Фараби 73., БИН (ИИН): 2502240023412,Банк: АО Kaspi Bank, КБе: 17, БИК: CASPKZKA, Номер счёта: KZ35722S000045572916, действующей на основании Устава, на оказание платных образовательных услуг посредством дистанционного (онлайн) обучения на указанных в настоящем договоре условиях.
Настоящий договор в соответствии с Гражданским Кодексом Республики Казахстан (далее по тексту – ГК РК) является публичн ой офертой, направленной на неопределенный круг лиц. Получатель оферты соглашаясь на получение платных образовательных услуг, путем совершения им предусмотренных настоящим договором действий, считается принявшим в полном и безоговорочным порядке (акцепт) условий настоящего договора.
ПОНЯТИЯ И ТЕРМИНЫ, ИСПОЛЬЗУЕМЫЕ В ДОГОВОРЕ
Оферта/Договор – настоящий договор публичной оферты на оказании платных образовательных услуг, опубликованный на Сайте либо направленный Получателю оферты по WhatsApp и .т.д..
Исполнитель – ТОО «Nur-Mubarak Online Academy», БИН (ИИН): 2502240023412». Заказчик – Физическое лицо, осуществившее Акцепт настоящего Договора.
Получатель оферты – физическое лицо, заинтересованное и обратившееся к Исполнителю (физически и/или посредством телефонной связи и/или через Сайт) за Услугами и получившее Оферту.
Обучаемый – физическое лицо непосредственно получающий образовательные услуги Исполнителя.
Услуги – предоставляемые Исполнителем образовательные услуги по обучению в соответствии с условиями Договора и подобранной Исполнителем программы обучения.
Акцепт – совершение Получателем оферты любого из предусмотренного Договором действия по принятию предложения на получение образовательных услуг, являющееся полным и безоговорочным принятием всех условий Договора и согласия по исполнению обязательства по оплате Услуг, оказываемых по Договору.
Форма занятий – онлайн.
Программа обучения – курс занятий по выбираемый Заказчиком и Исполнителем из утвержденного Исполнителем перечня программ.
Стороны – сторонами Договора являются совместно Исполнитель, а также Заказчик и Обучаемый (если им не является Заказчик).
Персональные данные – сведения, регламентированные Договором, относящиеся к определенному физическому либо юридическому лицу, зафиксированные на электронном, бумажном и (или) ином материальном носителе.
Сбор Персональных данных – действия, направленные на получение Персональных данных; Обработка Персональных данных – действия, направленные на накопление, хранение, изменение, дополнение, использование, распространение, обезличивание, блокирование и уничтожение Персональных данных.
1.ПРЕДМЕТ ДОГОВОРА
1.1.Исполнитель оказывает, Заказчик оплачивает, а Обучаемый проходит образовательные курс изучения, предоставляемые Исполнителем (в дальнейшем «Услуги») в соответствии с условиями Договора и выбранной Заказчиком программой обучения и формой занятий.
1.2.Услуги предоставляются Исполнителем в соответствии с разработанной Исполнителем программой курса, по учебному материалу предоставляемому Исполнителем.
1.3.Заказчик/Обучаемый обязуются не разглашать третьим лицам конфиденциальную информацию, методику обучения, базу и материалы курса.
1.4.Стороны не будут использовать полученную конфиденциальную информацию для своей собственной выгоды, за исключением целей, предусмотренных настоящим Договором.
2.ПОРЯДОК СОВЕРШЕНИЯ АКЦЕПТА
2.1.Предложение Исполнителя считается принятым и одобренным Клиентом с момента совершения последним одного из нижеперечисленных действий:
2.1.1.регистрация Получателя оферты на Сайте, а также совершение действий, указывающих на принятие (Акцепт) условии Договора, в частности проставления галочки в графе «Я принимаю условие договора публичной оферты» в соответствующем поле страницы Сайта;
2.1.2.направления Получателем согласия (Акцепта) с условиями Договора оферты по WhatsApp;
2.1.3.осуществление Получателем оферты оплаты (часть либо полностью) в порядке и на условиях, указанных в Договоре публичной оферты.
3.ПОРЯДОК ОКАЗАНИЯ УСЛУГ
3.1.Оказание Услуг осуществляется Исполнителем путем договоренности. О результатах подбора и распределения Заказчика/Обучаемого в определенную форму обучения сообщается Заказчику / Обучаемому сотрудниками Исполнителя посредством приложения WhatsАpp или электронной почты предоставленной Заказчиком.
3.2.Учебный материал, используемый при оказании Услуг, предоставляется Исполнителем.
3.3.Продолжительность курса обучения (срок обучения) определяется в соответствии с рабочим учебным планом разработанной Исполнителем.
3.5.Период проведения курса обучения определяется Исполнителем. Расписание занятий составляется Исполнителем на всю продолжительность курса обучения в соответствии с рабочим учебным планом в рабочие часы Исполнителя. Занятия не проводятся в дни, когда они выпадают на национальные или государственные праздники и перенос таких занятий регламентируется Договором.
4.ПРАВА И ОБЯЗАННОСТИ СТОРОН.
4.1.Исполнитель вправе:
4.1.1. временно или полностью приостановить оказание Услуг, в случае невыполнения/нарушения Заказчиком/Обучаемым правил обучения, без возврата произведенной Заказчиком оплаты (предоплаты); изменить расписание занятий, предварительно уведомив Заказчика/Обучаемого;
4.1.2.отказаться от оказания Услуг при нарушении Заказчиком условий об оплате Услуг и пропуске занятий Заказчиком/Обучаемым без уважительных причин.
4.2.Заказчик вправе:
4.2.1.требовать от Исполнителя предоставления информации по вопросам, касающихся организации оказания Услуг;
4.2.2.за отдельную плату пользоваться образовательными Услугами, не входящими в учебную программу;
4.2.3.пользоваться иными правами, предусмотренными настоящим договором и законодательством.
4.3.Исполнитель обязан:
4.3.1.проводить обучение с привлечением квалифицированных специалистов;
4.3.2.передать (направить по электронной почте либо указать на сайте) Заказчику/Обучаемому учебно-методическую литературу. В случае если Исполнитель запрашивает учебно-методическую литературу в печатном виде, доставка материалов осуществляется за счет Заказчика.
4.4.Заказчик обязан:
4.4.1.в соответствии с условиями Договора своевременно вносить плату за предоставляемые Услуги;
4.4.2.своевременно по письменному запросу Исполнителя предоставить документы, необходимые Исполнителю для начала оказания Услуг;
4.4.3.строго соблюдать (обеспечить соблюдение Обучаемым) расписание занятий;
4.4.4.регулярно и в полном объеме выполнять (обеспечить выполнение Обучаемым) домашние задания, а также задания преподавателя во время занятий;
4.4.5.соблюдать (обеспечить соблюдение Обучаемым) учебную дисциплину и общепринятые нормы поведения, в частности проявлять уважение к педагогическому и иному персоналу Исполнителя, к
другим обучающимся;
4.4.6.иметь (обеспечить Обучаемого) необходимое техническое оборудование (компьютер, планшет и т.п.), программное обеспечение и подключение к интернету обеспечивающее получение Услуг.
ОПЛАТА УСЛУГ
6.1.Стоимость Услуг определяется в соответствии с ценой, утвержденной для программ обучения предоставляемых Исполнителем по WhatsАpp и т.д.. Оплата Услуг осуществляется денежным переводом на банковский счет Исполнителя либо наличными.
6.2.Принимая во внимание, что оплата Услуг является действием, означающим акцепт, Заказчик при осуществлении оплаты за Услуги должен указать в платежном поручении регистрационные данные (фамилия, имя, Отчество (при наличии)) Заказчика и Обучаемого, указать выбранный курс обучения либо отправить квитанцию на WhatsАpp представителя Исполнителя.
6.3.Оплата производится в следующем порядке:
6.3.1.Сумма оплаты за услугу обучения оплачивается полностью в течение 5 (пяти) рабочих дней после принятия Оферты. Также оплата по частям либо в рассрочку можно осуществить с согласия Исполнителя по WhatsАpp.
6.3.2.В случае нарушения сроков оплаты со стороны Заказчика, на данную сумму начисляется пеня в размере 0% за каждый день просрочки, при этом по истечению 30 календарных дней Исполнитель вправе приостановить оказание Услуг Заказчику, до полного погашения.
6.3.3.Оплата пени не освобождает Стороны от выполнения ими своих основных обязательств.
6.3.4.В случае если Услуга оказывается группе лиц, неучастие кого-либо из обучающихся в онлайн занятии не приводит к отмене самого занятия, и услуга продолжает оказываться, в связи с этим, любые пропущенные занятия (по уважительной или неуважительной причине) подлежат оплате, как оказанные услуги.
7.СРОК ДЕЙСТВИЯ ДОГОВОРА
7.1.Настоящий Договор вступает в силу с момента его Акцепта, и действует в течение срока обучения, предусмотренного соответствующей программой обучения.
8.ЗАКЛЮЧИТЕЛЬНЫЕ ПОЛОЖЕНИЯ
8.1.В случае если Обучаемый на дату принятия условий настоящей публичной оферты не достиг четырнадцатилетнего возраста, Заказчик принимает условия настоящей публичной оферты также от имени Обучаемого.
8.2.В случае если Обучаемый на дату принятия условии настоящей публичной оферты достиг четырнадцатилетнего возраста, Заказчик, принимая условие настоящей публичной оферты дает свое согласие на принятие Обучаемым условий настоящей публичной оферты.
8.3.Заказчик обязуется обеспечить соблюдение Обучаемым всех норм и требований, установленных настоящим договором и правилами обучения.
8.4.Оказание услуг Исполнителем носит информативный характер и не является гарантией усвоения Заказчиком/Обучаемым материала обучения.
8.5.Стороны не вправе передавать свои права и обязанности, предусмотренные Договором, третьим лицам.
8.6.Отношения и/или обязательства Сторон, не урегулированные Договором, регулируются законодательством Республики Казахстан.
8.7.Все приложения к Договору является его неотъемлемой частью.
8.8.Настоящий договор может быть расторгнут по соглашению Сторон, либо в случаях, прямо предусмотренных настоящим договором или законодательством Республики Казахстан.Односторонний отказ от исполнения договора не допускается.
8.9. В случае отказа Заказчика/Обучающегося от услуг в течение 14 дней после заключения договора либо после оплаты, только с согласия Исполнителя (при отсутствии соглашения применяется часть 8.8 договора) возвращается часть суммы договора с удержанием:
1) 10 процентов суммы-за услуги продажника-менеджера;
2) 20 процентов суммы – личные расходы Исполнителя (затраты по платформе, работнику, налогу, возврату), связанные с добровольным отказом заказчика/обучающегося от обучения.
* Поскольку отказ от договора производится по предложению Заказчика, указанные суммы удерживаются независимо от того, началось занятие или нет.
*В случае начала занятия, наряду с вышеуказанными удержаниями (3) дополнительно удерживается 10 000 тенге – за каждое проведенное занятие.
8.9.1. После заключения договора оферты Возврат денежных средств Заказчика при расторжении договора оферта, оформленного с использованием внутренней рассрочки (под внутренней рассрочкой понимается согласованный Сторонами порядок расчетов, при котором оплата цены Договора производится частями, без привлечения банков, кредитных или иных организаций), не производится.
8.10. При наличии спора между сторонами Заказчик обязан обратиться с письменным заявлением на основании досудебного порядка. Исполнитель обязуется ответить на данное заявление в течение 15 рабочих дней. Если спор не разрешен между сторонами, стороны вправе обратиться в суд.
8.11. В связи с необходимостью обработки возврата средств и завершения всех связанных административных процедур возврат осуществляется в течение 30 (тридцати) дней с момента запроса.
РЕКВИЗИТЫ ИСПОЛНИТЕЛЯ
Компания: ТОО «Nur-Mubarak Online Academy»
Адрес: Казахстан, Алматы, проспект Аль-Фараби 73.
БИН (ИИН): 2502240023412
Банк: АО Kaspi Bank
КБе: 17
БИК: CASPKZKA
Номер счёта: KZ35722S000045572916